$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында ірі қара мал қарасан болып, бір ауыл карантинге жабылды

Қазір облыс бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы өңірдегі ауылдардың бірінде сібір жарасы өршіп тұрғанын растады. Аталған ауылдағы жағдай туралы ҚазАқпарат тілшісіне құзырлы ведомство басшысы Ақат Шықтыбаев айтып берді. 

А.Шықтыбаевтың айтуынша, 30 маусымда Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің Приречное ауылындағы «Алтай» ЖШС-ға тиесілі ірі қара малдың материалдарына ПТР әдісімен жасалған диагностикалық зерттеу қарасанның қоздырғышын анықтады. 

«Ауданның ветеринарлық станциясы ветеринария басқармасының басшылығымен және бақылауымен инфекция ошағынан ауруды таратпау бойынша шараларды уақытылы қабылдады. Мамандандырылған инсинераторда қырылған мал өлексесі өртелді. Сондай-ақ олар ұсталған және өлген жерлерді дезинфекциялау жұмысы жүргізілді. «Республикалық эпизоотияға қарсы жасақтың» Қостанай филиалы 3 шілдеден бастап инфекция ошағында барлық жою шараларын облыстық және аудандық ветеринариялық инспекцияның бақылауымен жүргізуде», - деп түсіндірді А.Шықтыбаев

Бүгінгі күні індет фактілері тіркелген барлық 4 мал шаруашылығы базасында және олардың іргелес аумақтарында үй-жай аралығын, астауларын және қабырғаларын механикалық тазарту, әктеу жұмыстары аяқталды. 

«Республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың күшімен мал базаларына, жайылым алаңдарына, сондай-ақ жануарлар қырылған жерлерге екі рет дезинфекция жүргізілді. Барлық жою шаралары толық көлемде жүргізілді. Денисов ауданының қалған ауылдарындағы және жалпы Қостанай облысы бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты», - деп атап өтті Азат Шектібаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары