$ 443.85  474.3  4.8

«Екі баласы болған»: Көлсайда жүрген қар барысы ВИДЕОҒА түсіп қалды

Айта кетейік, қар барысы Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген.

"Көлсай көлдері" ұлттық саябағында қар барысы фототұзаққа ілікті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жыртқыштардың санын есепке алу мен бақылауға арналған видео кадрларын экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, ұлттық саябақ аумағында 16 қар барысы бар. "Қызыл кітапқа" енген жыртқыш бұған дейін де "Көлсай көлдерінде" тіркелген еді. Саябақ мәліметінше, қазір мұндағы жыртқыштар саны бойынша тұрақтылықты сақтап отыр.

Айта кетейік, қар барысы Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген. Елімізде 120-130 қар барысы мекендейді, ал әлем бойынша оның саны 7 мыңнан аспайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары