$ 494.87  520.65  4.91

10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстанның 10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

14-15 шілде аралығында жаңбыр болжамына, кей жерлерде қарқынды күтілуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының> таулы аудандарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі.

14 шілдеде Алматы облысының> кей жерлерінде найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

14 шілдеде күндіз, 15-16 шілдеде тәулік ішінде Қызылорда облысында> солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. 14-16 шілдеде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

14 шілдеде Ақмола облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

14 шілде күндіз Батыс Қазақстан облысының> кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

14 шілдеде Маңғыстау облысының> басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

14 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының> күндіз кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

14 шілдеде Қарағанды облысының> кей желерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерінде өте жоғары өрт кауіпі сақталады.

14-15 шілдеде Павлодар облысының> кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Тәулік бойы 14, түнде 15 шілдеде кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, 14-15 шілдеде кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

14 шілдеде Түркістан облысының>тауларында найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

14 шілдеде Қостанай облысының> кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Оңтүстік-батыста өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы