$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда азамат ескерткіштің үстіне шығып, оны құлатып тастады (ВИДЕО)

Полиция тәртіп бұзушының 43 жастағы Орал тұрғыны екенін анықтады.

Ішімдікке тойып алған ер адам Атырау қаласының орталығындағы арт-нысанға шығып алып, ескерткішті құлатты, деп хабарлайды Stan.kz. 

Сәтпаев көшесіндегі мүсінге ер адамның шығып алғаны жайлы полицияға өтіп бара жатқан адам мәлімдеген. 

Полиция тәртіп бұзушының кім екенін анықтады. Ол Орал қаласының 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Медициналық сараптама нәтижелері бойынша оның орташа мас күйде болғаны анықталды.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, арт-нысан бүлінген. 

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі және 440-бабының 3-бөлігіне сәйкес, хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке ұсталды", – деді Атырау облыстық полициясы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары