$ 494.87  520.65  4.91

АҚШ Қазақстаннан ит әкелуге тыйым салды

Тыйым салу құтыру ауруының таралу қаупіне байланысты.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

АҚШ басқа елдерден ит әкелуге тыйым салды. Тізімде Қазақстан да бар, деп хабарлайды inbusiness.kz. Шектеу 14 шілдеден бастап енгізілген. Тізімде 113 мемлекет бар. Оның ішінде Қазақстан, Ресей, Беларусь, Грузия, құрлықтық Қытай, Украина, Молдова, Африка, Оңтүстік Америка, Кариб бассейні және Азия өңірінің мемлекеттері де бар.

Тыйым уақытша болып саналады. Алайда оның қанша уақытқа созылатыны көрсетілмеген.  Шектеу құтыру ауруының таралу қаупіне байланысты болып отыр. Америкалық ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы бұл шаралар

«АҚШ-қа әкелінген иттердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін керек» мәлімдеді.

 Сондай-ақ орталық АҚШ-қа құтыру вирусы қайта тіркелмес үшін осындай шектеу енгізілгенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары