$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде 5 айдың ішінде адам саудасына қатысты 63 қылмыс тіркелген

Ал жасөспірімдерді жезөкшелікке мәжбүрлеудің 7 дерегі анықталды.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Елімізде соңғы бір жылда адам саудасына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар екі есеге артқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстанда қаңтар мен мамыр айлары аралығында адам саудасына қатысты 63 қылмыс тіркелген. Бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда екі есе көп. 

Елімізде жеткіншектерді саудалаудың сегіз дерегі белгілі болды. Ал жасөспірімдерді жезөкшелікке мәжбүрлеудің 7 дерегі анықталды. 

Бес айдың ішінде адам саудасын ұйымдастырған 25 азамат қылмыстық іске тартылды. Оның алтауы жезөкшелік қызметті ұйымдастырса, төртеуі адам саудасын қыздырған. Олардың дені Қазақстан азаматтары, тағы екі адам ТМД елдерінен шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары