15.07.2021, 07:20

15 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөзі
Республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Синоптиктер бейсенбі, яғни 15 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр жауады, найзағай соғады, тек оңтүстік аудандарда жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстікте, шығыс пен оңтүстік-шығыста – бұршақ», - делінген «Қазгидромет» РМҚ хабарламасында

Солтүстік Қазақстанда жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұршақ жауады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз – бұршақ.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ, шаңды дауыл соғады, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қарағанды, күндіз Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Алматы, Ақтөбе облыстарында найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Тегтер: ауа райы