Елордадағы №10 қалалық емхананың алдын алу қызметінің басшысы Данияр Қабыкенов вакцина пандемиямен күрестегі жалғыз қару болып саналатынын айтты деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Данияр Қабыкеновтің сөзінше, вакцина кез келген вирустан 100 пайыз қорғамайды. Бірақ ағзаны сол вируспен күресуге дайындайды.
"Вакцинаның құрамына ауруды тудыратын белсенді емес микроорганизмдер кіреді. Осының арқасында имунды жүйе ағзаға енген қауіпті сезіп, антидене бөледі. Бұл қауіпті вируспен күресуге мүмкіндік береді. Вакцинаның өзі ауру қоздырғыш бола алмайды. Дегенмен вакцинацияның кейбір жағдайларында дене қызуы көтерілуі, әлсіреуі, ине салған жері ісуі мүмкін. Ал ең бастысы – адам вакцинаның арқасында ауруға қарсы иммунитет алады. Міне дәл осы себепті вакцина түрлі аурулармен күресудің тиімді әдісі болып саналады. Ол вирустың адам азғасында өсуіне жол бермейді", - дейді ол.
Ведомствоның мәліметінше, адам иммундаудан толық өткенмен вирус жұқтыруы мүмкін. Бірақ вакцина алған пациент инфекция жұқтырған жағдайда екпе алмағандармен салыстырғанда ауруды жеңіл өткереді.
Оған дәлел – тұмауға қарсы вакцина. Вакцинациядан кейін адам тұмаумен ауырған жағдайда ешқандай асқынусыз, жылдам емделеді. Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде 5648 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.
Айта кетейік, бұл пандемия басталғалы бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Сонымен өткен тәулікте короновирус жұқтырғандар көшін Нұр-Сұлтан қаласы бастады. Елордада 15 шілдеде 1549 адамнан коронавирус анықталған. Екінші орында Алматы- 885 адам, үштікті Шымкент қаласы қортындылады. Үшінші мегополисте бір тәулікте 421 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған.