$ 446.49  475.38  4.79

Ақтауда тапанша ұстап қайыр тілеп жүрген әйел жүргізушілердің зәресін қашырды (ВИДЕО)

Ол тұрғылықты мекенжайы жоқ адам болып шыққан.

Ақтауда әйел адам тапанша ұстап қайыр тілеп жүр. Өңірдің Полиция департаменті бұл жайтқа байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Lada.kz. 

Қала тұрғыны Маңғыстау энергетика колледжінің маңында түсірген видеоны бөлісті. 

"Мен бірден тереземді жауып алдым. Мұндайды бірінші рет көруім. Демек ол жүргізуші ақша бермесе, осылайша қоқан-лоқы көрсететіні ме?" - дейді видео авторы. 

Ақтау қаласының полиция басқармасының қызметкерлері әйел адамды анықтады. Ол тұрғылықты мекенжайы жоқ адам болып шыққан.

Әйел адам полицияға жеткізілді. Оның қолындағы тапанша ойыншық болып шыққан. Полицияға ешқандай арыз-шағым түспеген. Қайыр тілеп жүрген әйелге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары