17.07.2021, 09:50

Қазақстанда 13 өңір «қызыл» аймақта

Фото: ашық дереккөз
Қазақстанда өткен тәулікте 5658 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

2021 жылғы 17 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. ⠀ "Сары" аймақта: Алматы және Жамбыл облыстары. ⠀ "Жасыл" аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.