Қазақстандық ІТ-мамандар қазақ тілінде сөйлейтін дыбысзорайтқыш ойлап тапты, деп хабарлайды ЭК. Әзірге нақты ат қойылмаған жаңа туындыны жоба авторлары өзара «ақылды дыбысзорайтқыш» деп атайды екен, деп жазады Tengrinews.kz. Жоба жетекшісі Нұрғожа Қалиасқардың айтуынша, аталмыш құралды үлкендер де, жастар да кеңінен қолдануына болады.
«Яндекс» компаниясының бағдарламасында Алиса деген құрылғы орыс тілінде барлық сұраққа жауап береді. Сондай-ақ, iOS жүйесінде Siri деген көмекші ағылшын тілінде қолқабыс тигізеді. Біз қазақ тілін танымал ету мақсатында осындай құрылғыны ойлап таптық», - дейді Нұрғожа Қалиасқар.
Еске сала кетсек, биыл көктемде Динара Әлімова деген ІТ-маман қазақ тіліндегі тапсырмаларды орындайтын компьютерлік бағдарлама ойлап тапқан болатын. Автор мұндай бағдарламаларды заманауи «ақылды үйлерде», бизнес кеңселерде, тіпті, балабақшада да пайдалануға болатындығын айтқан.