$ 446.49  475.38  4.79

Ғалымдар қарындағы майдың пайдасын анықтады

Ғалымдардың пікірінше, инфекция бірінші қарындағы майға әсер етеді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

АҚШ-тың Алабама университетінің дәрігерлері ішке жиналған майдың пайдасын анықтады. Бұл зерттеу Trends in Immunology журналында жарияланды. Ғалымдар іштегі майдың иммундық қасиеттерін анықтаған: қарын бөлігіндегі ішкі мүшелер арасында айналып жүретін сұйықтықты қарындағы май сүзгіден өткізіп отырады екен.  Ғалымдардың пікірінше, инфекция бірінші қарындағы майға әсер етеді (антигендерге байланысты фиброз пайда болады), оған қарап аурудың бастапқы кезеңін анықтауға болады. Сонымен қатар, іштегі майдың кемшіліктері де бар. Ғалымдардың пікірінше, қарын май аурудың таралуына әсер етеді (іш майға түскен қатерлі ісік жасушалары сонда қалып қояды). Нақты айтқанда, қарын май жыныс безі және асқазан қатерлі ісігінің жасушаларын қоректендіретін орта болып келеді. Мамандар іш майына қарап аурудың алдын алуды ұсынып отыр. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары