Нұр-Сұлтанда жүргізушілер жолдың ортасында төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақпарат бойынша, 16-17 шілдеге қараған түні Республика даңғылымен келе жатқан екі жүргізуші жолға таласып қалған. Олар жол бойына тоқтап, сөзге келіп қалады. Кейін жанжал төбелеске ұласады, оларға екі көліктің де жолаушылары қосыла кетеді.
Жанжалға қатысқан адамдар полицияға жеткізілді.
Дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Автокөліктер коммуналдық тұраққа қойылды.
Сонымен қатар, "Көлік құралдарының қозғалысына қасақана кедергі жасағаны үшін" жол қозғалысын бұзушылар ӘҚБтК-нің 614-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.