18.07.2021, 14:45

Елімізде 5 миллионға жуық адам вакцина салдырды

Фото: Inform.kz
Вакцинаның I компонентін алғандар – 4 872 183 адам.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған адамдардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Azattyq-Ruhy

2021 жылғы 18 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстанда вакцинаның I компонентін 4 872 183 адам салдырған. Ал екпенің II компонентін алған адам саны – 2 772 914.