$ 494.87  520.65  4.91

«41 градусқа дейін ысиды»: Елімізде қатты аптап ыстық күтілуде

Алайда Құрбан айт мерекесінде күн күркіреп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Фронтальдық бөлімдердің ықпалымен Қазақстанда өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Кей жерлерде екпінді жел, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл байқалады. «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 20-22 шілде аралығындағы Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«20 шілдеде циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады - күн күркіреп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, тек ҚР оңтүстігі мен батысында жауын - шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте және солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман күтіледі», - делінген. 

Синоптиктердің мәліметінше, 21 шілдеден бастап еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, онда жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі.

«Батыста ауа температурасы түнде + 20...+25 ℃, күндіз+33...+41 ℃, республиканың солтүстігінде ауа температурасы түнде+10...+18 ℃, күндіз термометр бағандары+23...+35 ℃, солтүстік-батыста түнде+12...+25 ℃, күндіз+25...+40 ℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде+10...+21 ℃, күндіз+25...+35 ℃, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнгі температура+25...+35 ℃, 13...+25℃, күндізгі +30 ... +40℃», – деп хабарлады «Қазгидромет».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары