$ 494.87  520.65  4.91

«Келісімге келе алмай жатырмыз»: Токиодан тікелей трансляция жүргізілмейтін болды

Токио Олимпиадасының тікелей трансляциялау құқығы «Dentsu Inc.» компаниясына тиесілі.

Телеарналардың Ұлттық Олимпиада комитеті мен шетелдік ірі ақпарат агенттіктерінен фото, -видеоматериалдар алу мүмкіндігі қарастырылған.

«Қазақстан» РТРК» АҚ Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq-Ruhy телерадиокорпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты көрермендер мен әріптестерімізден келіп түсіп жатқан сауалдарға байланысты келесіні хабарлаймыз. Токио Олимпиадасының тікелей трансляциялау құқығы «Dentsu Inc.» компаниясына тиесілі. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігі» АҚ Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» телеарналары арқылы Жазғы Олимпиаданы ел аумағында көрсету бойынша келіссөздерді 2019 жылы бастаған болатын. Тараптар әзірге ортақ келісімге келе алған жоқ.

Екіжақты келісімнің ұзаққа созылу себебі, құқық иесінің лицензия бағасын 2016 және 2018 жылдардағы Олимпиада ойындарымен салыстырғанда 123 пайызға қымбатқа ұсынуы», делінген хабарламада.

Телерадиокорпорация дерегінше , қазіргі кезде Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» телеарналары қазақстандық спортшыларды қолдау және отандық көрермендерге Олимпиададан жедел ақпарат ұсыну бойынша жан-жақты әзірлік жұмысын жүргізіп жатыр.

«Телеарналардың Ұлттық Олимпиада комитеті мен шетелдік ірі ақпарат агенттіктерінен фото,-видеоматериалдар алу мүмкіндігі қарастырылған», делінген хабарламада.

Еске салсақ, XXXII Жазғы Олимпиада ойындары Токиода 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Бұл жолғы Олимпиадаға көрермендер қатыспайды. Қазақстан құрамасында спорттың 27 түрінен 96 жолдама бар. 17 шілдеде Қазақстанның олимпиада командасы Токиоға барды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары