$ 444.22  476.38  4.82

Маңғыстауда түзету мекемесінің төбесі құлап, екі адам көз жұмды (ВИДЕО)

Екі қабатты ғимараттың жартысы құлаған. Оқиға болған сәтте мекеменің ішінде он адам болған.

Маңғыстау облысында арнайы түзету мекемесінің төбесі құлап, екі сотталушы көз жұмды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, екі қабатты ғимараттың жартысы құлаған. Оқиға болған сәтте мекеменің ішінде он адам болған.

"Алған жарақаттарының себебінен екі сотталушы көз жұмды, қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді", – делінген ресми хабарламада. 

Қазіргі таңда оқыс оқиға болған орында төтенше-құтқару бригадасы жұмыс істеуде. Олардың қатарында полиция, прокуратура қызметкерлері мен арнайы техника бар. Тағы бір сотталушыны іздестіру шаралары жүргізілуде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары