$ 494.87  520.65  4.91

«Сау адамның денсаулығы құрып жатыр»: Серік Ибрагимов мәжбүрлі вакцинаға қарсы шықты

Балаларды қойшы, үлкендердің вакцина алып, аттай шауып мүлдем ауру жұқпайтынына кепілдік бере алмай отсыңдар ғой, Үкімет, Минздрав!

Мектептегі балалар оффлайн режимге қайта оралуы үшін 12 жастан асқан балалар вакцина алуы керек деген министрдің ұсынысына әнші Серік Ибрагимов қарсы шықты, деп хабарлайды Stan.kz.

"Қазақ елі! Мына дүниеге мән беріп қараңыздар! Онсыз да жақындарымызды мәжбүрлі түрде біреуін жұмысымен, біреуін бала-шағасымен қорқытып вакцина салғызды, енді қалғаны, балаларымыз ба? 

Балаларды қойшы, үлкендердің вакцина алып, аттай шауып мүлдем ауру жұқпайтынына кепілдік бере алмай отсыңдар ғой, Үкімет, Минздрав! Одан сайын сау адамның денсаулығы құртылып жатыр, интернетте өріп жүр, неше түрлі жағдай! Қойсаңдарш болды ғой! 

Енді бала-шағаны ауру қылып бітпекшісіңдер ме? Ауру ұрпақ тәрбиелегенше, ауру саясатты жөнге салу керек қой! @tokayev_online президент мырза, сенеріміз бір Алла, содан соң сіз, деп отырғанда халықты несіне қинап жатырсыздар? Мен мәжбүрлі түрде вакцинацияға қарсымын және қаншама халық осы сөзіме қосылады!  Балаларымызға мүлде жолатпаймыз!" - деп ашық түрде қарсылығын білдірді ол.

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев та оны қолдады. 

"Балаларыма қол салуға да, у қол салуға рұқсат жоқ! Маған "файзерге" "хаятты" қосып, "спутникке" "казвакты" араластырып, 7 мәрте салсаңдар да Алла берген 7 балама тиісуге жаным кеудемнен шыққанша мүмкіндік бермеймін!", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары