$ 498.34  519.72  4.85

1 қазаннан бастап дәрігерлерге «ковидтік» үстемеақы төленбейді

Ералы Тоғжанов дәрігерлерге қаржылық қолдау өткен жылдың наурыз айынан бері көрсетіліп жатқанын еске салды. Қазігі уақытқа дейін 229 миллиард теңге төленіпті.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Президент қатысуымен өткен жиында премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов 1 қазаннан бастап дәрігерлерге «ковидтік» үстемеақы төленбейтінін айтты деп жазады Sputnik Қазақстан. Оның сөзінше, осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында 50 пайыз төленеді.

«Бұл жүйенің орнына 1 қазаннан бастап медицина қызметкерлерін қолдаудың өзге шаралары енгізіледі. Олар елдегі эпидемиологиялық жағдайға тәуелді болмайды», – деді премьер-министр орынбасары.

Осы орайда Ералы Тоғжанов дәрігерлерге қаржылық қолдау өткен жылдың наурыз айынан бері көрсетіліп жатқанын еске салды. Қазігі уақытқа дейін 229 миллиард теңге төленіпті. Сұраныс жоғары бағыттағы медицина қызметкерлерінің жалақысы 9 санат бойынша көтеріледі. Әзірге әлі есептеліп жатыр. Бұл мақсатқа шамамен 14 миллиард теңге қажет болады.

Еске сала кетсек, маусым айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ковидтік» үстемеақыға бюджеттен тағы 71,5 миллирд теңге бөлінетінін мәлімдеген болатын. Бұдан бөлек, денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне психоэмоционалдық төлем жасайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары