Осыдан бірер күн бұрын «Қазақстан» РТРК» АҚ Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты түсініктеме беріп, Токиодан тікелей трансляция жүргізілмеуі мүмкін екенін мәлімдеген еді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Айта кетейік, Токио Олимпиадасының тікелей трансляциялау құқығы «Dentsu Inc.» компаниясына тиесілі. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігі» АҚ Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» телеарналары арқылы Жазғы Олимпиаданы ел аумағында көрсету бойынша келіссөздерді 2019 жылы бастаған. Алайда, тараптар әзірге ортақ келісімге келе алған жоқ.
Осыған орай, қоғам қайтаркері Мұхтар Тайжан Олимпиада ойындарын трансляциялау мәселесін Ұлттық олимпиада комитеті шешуі керек, деген пікірде.
«Өзіміздің ұлттық телеарналарымыздан Олимпиада ойындарын тамашалай алмайтынымызды қатты ренішпен қабыл алдым. Мұндай жағдайдың орын алатыны бар, Қазақстанның Олимпиадаға баратын командасын Президентке сонша дақпыртпен таныстырып неміз бар, егер оларға жанкүйер бола алмасақ? Өзіміздің балуандар мен боксшыларымыздың, гимнастшыларымыз бен теннисшілеріміздің жеңісін қалайша көре алмаймыз? Ұлттық мақтаныш деген осы емес пе?!», - деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Кәсіпкер Олимпиада трансляциясын көрсетуге бар керегі 5 млн доллар ғана, ал елімізде кез келген орден таққан-фермер жыл сайын бұдан да көп субсидия алатынын еске салды.
«Қазақстан бірнеше млрд долларға ЭКСПО өткізеді, сонша ақшаға ЛРТ салады, әлемдік діндер Саммитін өткізеді, Еуразия журналистерінің саммитін ұйымдастырады, Сирия үшін Астана келіссөзін жүргізеді, бірақ өз халқына Олимпиада ойындарын көрсете алмайды! Бұл қалай болғаны? Қалжыңдап отырсыздар ма? Бар болғаны 5 млн доллар ғой бұған керегі! Бізде кез келген орден тасушы-фермер жыл сайын бұдан көп субсидия алады! Мен біздің Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығы бұл мәселеге жауапкершілікпен қарап, халық үшін оң шешімін табады деп ойлаймын. Өйткені Тимур Құлыбаев пен Данияр Абулғазин миллиардтаған, бірнеше миллиондаған доллармен «Форбс Қазақстан» тізімінің бірнеше жылдан бері көшін бастап келеді. Бұл байлықты олар тек адал да ауыр еңбегімен ғана емес, Қазақстан мемлекетінің көмегі, оның жер байлығы арқасында жинады емес пе? Міне, енді өз мемлекетіңе көмектесетін уақыт туды нағыз», - деді ол.
Мұхтар Тайжанның сөзінше, Ұлттық Олимпиада комитетіне жетекшілік ету – тек әлемдік спорт элитасы жанында сән үшін жүру емес, сонымен бірге халық алдындағы үлкен жауапкершілік.
«Егер Ұлттық мемлекеттік телеарналарда айналдырған 5 млн доллар табылмай жатса, осы екі батыр өздерінің патриотизмі мен еліне деген алғысын білдіріп, Олимпиада ойындарының трансляциясын қамтамасыз етеді деп сенемін. Ал егер бұл міндетті орындай алмасаңыздар, Ұлттық Олимпиада комитетінде несіне отырсыздар? Ұлттық Олимпиада комитетіне жетекшілік ету – тек әлемдік спорт элитасы жанында сән үшін жүру емес, сонымен бірге халық алдындағы үлкен жауапкершілік! Көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Беларусь елдері Олимпиада ойындарын көрсетуге лицензия алған. Бұл жерде Габон, КХДР, Замбия, Конго, Ауғанстан, Куба мен Гондурас туралы айтпай-ақ қойайын, олар да өз халқына Олимпиада ойындарын көрсетеді. Ал, мұнай мен газға бай, қарыштап дамып жатқан Қазақстанда мұндай мүмкіндік жоқ! Егер осы қарапайым ғана шаруа шешімін таппаса, нағыз ұят сонда болады. Онда Олимпиада комитетінің басшылығын ауыстыру туралы мәселе көтеру керек. Бірақ біз сіздер үшін кішкентай ғана осы мәселе оңай шешіледі деп үміттенеміз», - деп жазды ол.