$ 448.15  483.46  4.86

Әурет жеріне қол салған: Қызылордада ер адам 5 жасар қызды зорламақ болған жерінен ұсталды (ВИДЕО)

Бұл жағдайды көріп қалған кездейсоқ куәгер дереу айғай салып, көпшіліктің назарын өзіне аударған.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қызылордада ер азамат бес жасар қызды зорламақ болған жерінен ұсталды. Куәгерлердің арқасында ол арам ойын жүзеге асырып үлгермеген.

Оқиға Қызылорда қаласында Бектұрғанов көшесінің бойында болған. Кешқұрым мезгілде белгісіз азамат бес жасар қыздың іш киімін шешіп, әуретті жеріне қол салған. Бұл жағдайды көріп қалған кездейсоқ куәгер дереу айғай салып, көпшіліктің назарын өзіне аударған. Сол жерде жүрген тұрғындар құқық қорғау органдары қызметкерлеріне хабарласып, күдіктіні полицейлерге ұстап берген. Қазір осы қылмысқа байланысты тергеу жұмыстары басталды. 

Бұл дерекке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Кінәлі адам анықталған, оның іс-әрекетіне қатысты құқықтық баға беріледі. Қылмыстық іс бойынша қажетті сот-сараптамалары тағайындалып, кешенді тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейді. Қылмыстық істің тергеп-тексерілуі Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының қатаң бақылауына алынды, – дейді Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Paryz.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары