$ 494.87  520.65  4.91

«Құрбандыққа мал соймайық»: уағызшы Арман Қуанышбаев Алмасбек Садырбаевқа жауап берді

"Тілің қышиды ғой. Той тойлап жатқандарға неге тойлама, неге үлкен мейрамдарда салют атқандарға сол атылмасын деп айтпадыңыз", - дейді ол.
Фото: коллаж
Фото: коллаж

Уағызшы Арман Қуанышбаев Shopan-atа қой өсірушілер ұлттық қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаевтың бас мүфтиге құрбандық туралы айтқан ойына жауап берді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

9 шілде күні болған «Ашық алаң» жобасында Shopan-atа қой өсірушілер ұлттық қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев елдің бас мүфтиіне жөн-жосықсыз мал союдан сақтанып, тірі малды алып қалу керек деп ұсыныс жасаған еді.

– Құрбан айт деп басты ауыртпай-ақ, осы күнге дейін жоғалтқан малымыз құрбан болсын, ешнәрсе жасамайық деп ниет қылыпты. Былай қарасаң елге деген қандай жанашырлық.

Бірақ, тілің қышиды ғой. Той тойлап жатқандарға неге тойлама, неге үлкен мейрамдарда салют атқандарға сол атылмасын деп айтпадыңыз. Бұл тіпті діни мейрам емес, бәлки халық дәстүріне еніп кеткен мейрам. Оны өзі ғана жемейді, жұртқа, жағдайы төмендерге беріп, ет үлестіріп, жақындық танытып жатқан адамдардың қолынан ұстау әдемі ой деп ойламаймын.

Бұл әлеуметті дұрыс емес жаққа бұру. Жасанды сөздер арқылы ұран тастау ғана. Құрбандық шалатын адамның жағдайы болуы керек дейді шариғатта. Өзіңнің қаражатыңнан артылдырып шал, өзің кішкенесін жеп, қалғанын халыққа бер дейді. Бұл елге үлестіру", – дейді уағызшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары