$ 494.87  520.65  4.91

Жаңаөзенде жұмысшылар жаппай ереуілге шықты (видео)

Жаңаөзенде әр түрлі салада қызмет көрсететін кәсіпорындар жұмысын тоқтатты.

Жаңаөзенде сегіз мекеменің қызметкерлері жұмыстарын тоқтатып, жалақыларын көбейтуді талап етіп ереуілге шықты, деп жазады ЭК.

Жаңаөзенде әр түрлі салада қызмет көрсететін кәсіпорындар жұмысын тоқтатты. Нақтырақ айтқанда: OES, "АНСК", "КазПромТехКомпани", NKBS, Kunan Holding, "БатысГеоФизСервис", "Тазалық-С", "МұнайСпецСнаб" мекемелерінің жұмысшылары жалақыларын 100 пайызға көтеруді талап етеді.

Бір аптадан бері "МұнайСпецСнаб" ЖШС жұмысшылары мен компания басшылығы әлі келісімге келмеген. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің хабарлауынша, "МұнайСпецСНаб", "БатысГеоФизСервис" және қала тазалығымен айналысатын "Тазалық-С" мекемелерінің қызметкерлері мен мекеме басшыларының арасында келісім комиссиялары құрылған. Бірақ келіссөз сағаттары әзірге нәтижесіз көрінеді.

"Ал Kunan Holding сервистік компаниясының штаттағы жұмыскерлері әлі де талаптарының орындалуын күтіп отыр. Бұл мекеменің штаттан тыс жұмысшылары компания тарапынан ұсынылған мүмкіндіктерге қанағаттанып, жұмыстарына оралды. Ал қалған OES және "АНСК" мен "КазПромТехКомпани", NKBS ЖШС ұжымдары ереуілге бүгін шықты. Оларға әкімдік тарапынан, жұмысты заңсыз тоқтатуға болмайтыны туралы түсіндірдік. Бұл компаниялардың басшыларына жұмысшыларымен "келісім комиссиясын" құрып, өзара келіссөздер жүргізу ұсынылды", — деп хабарлады Жаңаөзен қаласының әкімдігі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары