"Өкінішке қарай, жануарға қатыгездік қай қалада жасалғаны әлі анықталған жоқ. Видеоны көргенде өзімді сондай жайсыз сезіндім. Олар жазасыз қалмауы керек. Бейнежазбаның авторын және осы зұлымдықты жасағандарды тапқандарға 100 мың теңге сыйақы береміз", — дейді Ақтөбе қаласы мәслихатының депутаты Сұлтан Асанов.
Күдікті петропавлдық болуы мүмкін деген болжам бар. Қазір ақпарат тексеріліп жатыр. Итті қатігездікпен өртеген адамды іздеуге еліміздің түкпір-түкпірінен және көрші мемлекеттерден де жануарлар құқығын қорғау ұйымдары қосылған.