22.07.2021, 17:00

Алматы облысында шенеунік тендер «откатына» 14 млн. теңге алған деген күдікке ілінді

Фото: ашық дереккөзі
Пара келесідей есептелді: 666 миллион теңгені құрайтын келісімшарт сомасының 15%.

Алматы облыстық Антикор шенділердің аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізуде.

Бұл туралы Orda.kz сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап хабарлайды.

Іс Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму бөлімінің бастығы мен мердігерлік ұйым басшылығына қатысты қозғалған.

Бөлім басшысы ЖШС басшылығынан тендерді жеңіп алғаны үшін 33 500 доллар көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Бұл сома бұрын келісілген 90 миллион теңгенің «қайтарымы» ретінде төленді. Пара келесідей есептелді: 666 миллион теңгені құрайтын келісімшарт сомасының 15%.

Тендер облыс аумағында нысан салу үшін өткізілді. Пара ЖШС-ны жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша тендердің жеңімпазы деп тану және объектіде орындалған жұмыс көлемін одан әрі кедергісіз қабылдау үшін берілді. Құрылыс «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы есебінен жүргізілуі керек еді.

Шенеунік, құрылтайшы және мердігер директор аса ірі көлемде пара алды және берді деген күдікпен ұсталып, Алматы облысының уақытша ұстау изоляторларына қамалды.

Тергеу амалдары жалғасуда.