$ 494.87  520.65  4.91

БҚО-да 11 жастағы бала өзін-өзі атып өлтірді

Оқиға болған сәтте үйде ата-анасы болмаған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Ол байқаусызда өзінің мойын тұсынан атып жіберген, деп хабарлайды ЭК. Қайғылы жағдай Бөкей орда ауданына қарасты Бисен ауылына жақын маңда болған. Үйде жалғыз қалған бала карабин мылтығымен өзін атып өлтірген.

Оқиға болған сәтте үйде ата-анасы болмаған. Бала байқаусызда өзінің мойын тұсынан атып жіберген. Ол сол жерде жедел жәрдем бригадасы келмей жатып қайтыс болды, — деді Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Облыстық Полиция департаменті қайғылы жағдайға қатысты ешқандай ақпарат бермей отыр. Бірақ бала өлімі тіркелгенін жергілікті әкімдік өкілдері растады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары