23.07.2021, 17:40

Токио-2020: XXXII жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды

Фото: ашық дерекөз
Көптен күткен айтулы доданы Qazaqstan ұлттық телеарнасы мен «Хабар» агенттігі тікелей эфирде көрсетуде.

Жапония астанасы Токио қаласында XXXII жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Көптен күткен айтулы доданы "Қазақстан" ұлттық телеарнасы мен "Хабар" агенттігі" тікелей эфирде көрсетуде. 

Бұған дейін XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты жапониялық «Dentsu Inc.» компаниясымен келіссөздердің нәтижелі  аяқталғаны хабарланған еді.

Қазақстандықтар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарын «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Әлемдік сайыста Қазақстан құрамасынан спорттың 27 түрі бойынша 96 спортшы бақ сынайды.  

Телеарналардағы олимпиадалық жарыстар кестесі қосымша жарияланады.