25 шілдеде Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасында 12 спорт түрі бойынша бақ сынасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ертең жарыс жолына дзюдошы Ерлан Серікжанов, ауыратлет Игорь Сон, боксшы Зәкір Сафиуллин шығады.
25 шілдедегі сайыстар кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен):
Стенд ату. Скит. Әйелдер. Іріктеу 6:00. Зоя Кравченко, Әсем Орынбай
Дзюдо. Ерлер, 66 келіге дейінгі салмақ 8:00. Ерлан Серікжанов – Орхан Сафаров (Әзербайжан)
Теннис. Бірінші айналым 8:00. Юлия Путинцева – Надя Подороска 10:00. Михаил Кукушкин - Федерико Кория 12:00. Ярослава Шведова – Айла Томлянович
Академиялық есу. Ширек финал. Ерлер. Жекелей сын. 9:00. Владислав Яковлев
Семсерлесу. Ерлер. Жекелей сын. 1/16 финал 9:45. Руслан Құрбанов – Марко Фичера (Италия)
Оқ ату. 10 метр, пневматикалық винтовка. Ерлер. Іріктеу 10:00. Юрий Юрков
Есу слаломы. Бірінші мүмкіндік. 10:00. Александр Куликов. Ерлер, каноэ 10:50. Екатерина Смирнова. Әйелдер, байдарка 12:08. Александр Куликов. Ерлер, каноэ 12:58. Екатерина Смирнова. Әйелдер, байдарка
Үстел теннисі. Екінші айналым 12:30. Кирилл Герасименко – Любомир Янкарик (Чехия)
Ауыр атлетика. Ерлер, 61 келіге дейін. 12:50. Игорь Сон
Жүзу. 100 метр, арқамен жүзу. Әйелдер. 16:04. Диана Назарова
Бокс. Бірінші кезең. 63 кг 16:24. Зәкір Сафиуллин - Леодан Пезо Сабойя (Перу)
Су добы. Ерлер. Топтық кезең 16:50. Қазақстан - Хорватия
Еске салайық, 2020 жылғы Токио Олимпиадасына 23 шілдеде басталған болатын. 24 шілдеде Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түскен - дзюдошы Елдос Сметов қола жүлде иеленген болатын. Олимпиада 8 шілдеге дейін жалғасады.