$ 494.87  520.65  4.91

Теміртауда кішкентай балалар төбелесіп, ажыратпақ болған бала мерт болды

Төбелес үйдің ауласында болған.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

24 шілдеде теміртаулық полицейлерге қалалық ауруханада дене жарақатын алған 12 жастағы бала қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түскен. Тексеру барысында жеткіншектің аулада төбелескені анықталды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Қарағанды облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, қайтыс болған бала аулада 13 жастағы өзге баламен ерегісіп, артынша төбелескен. Әзірге оның қандай жарақат алғаны айтылмай отыр. Бала бірден ауруханаға жеткізілгенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

«ҚР Қылмыстық кодекстің 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптама тағайындалды, тергеу жүріп жатыр», - деді облыстық Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Рустам Кулькеев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары