Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Токио Олимпиадасының екінші айналымына жолдама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бірінші айналымда Кукушкин аргентиналық Федерико Кориямен кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте 7:6, 7:5 есебімен жеңді.
Матч 2 сағат 10 минутқа созылды.
Айта кетейік, кеше қазақстандық тағы бір теннисші Зарина Дияс та жарақат алып, Токио Олимпиадасымен қоштасқан болатын. Александр Бублик те келесі айналымға шыға алмай қалған еді. Ал бүгін Юлия Путинцева жарыс жолынан шығып қалған еді.