$ 498.34  519.72  4.85

Олимпиадаға барған үшінші теннисші қызымыз жарыстан бас тартты

Бұған дейін Зарина Диас пен Юлия Путинцева да жарысты тоқтатқан еді.

Қазақстан теннисшілерінің Олимпиада ойындарында өз еркімен бас тартуы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ЭК.

Бүгін теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова Токио-2020 Олимпиадасындағы алғашқы кездесуін соңына дейін жалғастыра алмады. Отандасымыз австралиялық Айле Томляновичпен кездескен болатын. WTA рейтингісінде Шведова 454-орында тұрса, қарсыласы 51-орынға жайғасқан.

Бірінші сет 5:7 есебімен Томляновичтің пайдасына шешілген. Ал екінші партияда 2:3 есебі кезінде Шведова жарысты әріқарай жалғастырудан бас тартты. Сөйтіп, келесі кезеңге қарсыласы өтті.

Токиода теннисшілерден кездесулерін соңына дейін өткізбей, орта жолдан шығып қалған жалғыз Шведова емес. Бұған дейін Зарина Диас пен Юлия Путинцева да жарысты тоқтатқан еді.

Кейбір бейресми ақпарттарға сүйенсек, теннисшілер күннің ыстығына байланысты соңына дейін ойнауға аса құлықты болмай жатыр екен.

Бірінші айналымнан тек Елена Рыбакина мен Михаил Кукушкин өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары