Жаңалықтар 26.07.2021 сағат 01:11

Жириновский миллиондаған орысты Ресейге қайтаруды ұсынды

Жириновскийдің айтуынша, Орта Азиядан алты миллионға жуық орыс Ресейге көшуі мүмкін.
Жириновский миллиондаған орысты Ресейге қайтаруды ұсынды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский Орта Азия мен Украинадағы орыстарды РФ-ға тұрақты тұруға шақыруды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жириновскийдің айтуынша, Орта Азиядан алты миллионға жуық орыс Ресейге көшуі мүмкін. Ал Украинадан 15 миллион адам тарихи отанына орала алады.

"Біз көбіне ел аралаймыз, Мәскеудегі кеңселерде отырмаймыз. Еліміз үлкен, орын көп. Орта Азиядан 5-6 миллион, Украинадан 15 миллион орысты шақырамыз. Тек оларға көмектесу керек", – деді Владимирге сапары кезінде саясаткер.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар