26.07.2021, 02:16

Тәжікстан Қазақстанға қосымша су беретін болды

Фото: ашық дереккөз
Еліміздің батыс өңірлері қуаңшылықтан зардап шегуде.

24 шілдеден бастап Тәжікстан Қазақстанға «Бахри Точик» су қоймасынан қосымша су беруді бастайды. Бұл туралы екі ел премьер-министрлерінің телефон арқылы сөйлесуі кезінде айтылды.

Айта кетейік, 2021 жылдың 16 маусымында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан тарабы хаттамаға қол қойып, Қазақстанға бұрын келісілген көлемнен артық су беруге уағдаласқан еді.

Асқар Мамин мен Кохир Расулзода бұдан бөлек сауда-экономика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, су-энергетика, транзиттік-көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Сырдария өзені бассейніндегі су шаруашылығы жағдайын жақсарту жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.

azattyq-ruhy.kz