Маңғыстау облысында таң атпай көшеде кортеж құрып, жол ережесін өрескел бұзған топтың мүшелері іздестіріліп жатыр. Бұл туралы lada.kz сайты хабарлайды.
Оқиға таңғы сағат бүгін таңғы 6.30-да болған. Басқұқдық ауылының орталық көшесінде кортеж жасап ойқастаған көліктер видеоға түсіп қалады. Кортежге қатысқан 8 адам Мұнайлы аудандық полиция бөлімін жеткізіліп, астындағы көліктері айып тұрағына қойылды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сақшылар кортежге қатысқан өзге адамдардың кім екенін анықтау үстінде.