26.07.2021, 07:37

Маңғыстауда жол ережесін өрескел бұзып, кортеж құрғандар ұсталды

Фото: ашық дереккөз
Оқиға таңғы сағат 25 шілде таңғы 6.30-да болған.

Маңғыстау облысында таң атпай көшеде кортеж құрып, жол ережесін өрескел бұзған топтың мүшелері іздестіріліп жатыр. Бұл туралы lada.kz сайты хабарлайды.

Оқиға таңғы сағат бүгін таңғы 6.30-да болған. Басқұқдық ауылының орталық көшесінде кортеж жасап ойқастаған көліктер видеоға түсіп қалады. Кортежге қатысқан 8 адам Мұнайлы аудандық полиция бөлімін жеткізіліп, астындағы көліктері айып тұрағына қойылды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сақшылар кортежге қатысқан өзге адамдардың кім екенін анықтау үстінде.