26.07.2021, 15:40

Сот экс-министр Біртановты үйқамақтан босатудан бас тартты

Фото: ашық дерекөз
Сот қорғаушылардың аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты экс-министр Елжан Біртановты үй қамауынан босату туралы өтінішті қабылдамады, деп хабарлады azattyq-ruhy.kz.

«2021 жылғы 14 шілдедегі қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдікті Біртановтың үйқамақта болу мерзімін екі айға санкциялау туралы қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын. Адвокаттардың жеке шағымдары қанағаттандырылмайды. Қаулы түпкілікті, шағымдануға жатпайды», - деді судья Элеонора Оңғарсынова.

Еске салайық, 14 шілдеде мемлекеттік айыптаушы Санат Талқанбаев экс-министр Елжан Біртановтың үйқамақта отыру мерзімін тағы 2 айға, яғни 14 қыркүйекке дейін ұзартуды талап етті. Сот шешімімен келіспеген қорғаушылар аппеляциялық шағым берген болатын. Алайда, сот бұл шағымды қанағаттырмады.