$ 446.49  475.38  4.79

Шымкенттегі алаңға қошқар мүйізді текеметтің суреті салынды

Алдағы уақытта орталыққа келген қала тұрғындары мен қонақтары текеметті тамашаласа, ал балақайлар түрлі ұлттық ойындарды ойнайтын болады.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Оюлы текемет әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы алаңында орналасқан, деп хабарлайды ЭК.

Алдағы уақытта орталыққа келген қала тұрғындары мен қонақтары текеметті тамашаласа, ал балақайлар түрлі ұлттық ойындарды ойнайтын болады.

Қазақстан аумағы бойынша "Әдет-ғұрып және салт-дәстүр" орталығы Шымкент қаласында ғана орналасқан. Мұнда салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызға байланысты жан-жақты ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүргізіліп, баспа өнімдері шығарылып және де ғасырдан ғасырға жеткен ұлттық құндылықтарымыз кеңінен насихатталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары