Олимпиада ойындарында бокстан ерлер арасындағы алғшқы іріктеу сындары бүгін де жалғасуда, деп хабарлайды ЭК.
Бокстан үміт артқан басты фавориттеріміздің бірі 91 келідегі Василий Левит үшін Олимпиада сәтсіз басталды деп айтуға болады.
Ол алғашқы кездесуін өткізген испан Энмануэль Рейестен толық үш раундқа жетпей жеңілді.
Екінші раундта қарсыласы тарапынан ауыр соққы алған жерлесіміз нокаут алды. Рингтегі төреші раунд аяқталмай жарысты тоқтатуға шешім шығарды.
Осылайша бүгін Абылайхан Жүсіповтен кейін екінші боксшымыз Токио Олимпиадасымен қоштаспақ.
Василий жарысты 1/8 финалдан бастаған болатын.