Көлігінің төбесіне балаларды толтырып шығарып, зырғыған тараздық блогер кешірім сұрады, деп хабарлайды ЭК.
Instagram-дағы kris.p.taraz тобында оғаш бейнежазба жарияланды. Онда жүріп бара жатқан көліктің төбесіне шығып алып, тік тұрған балалар көрінеді. Кейбірі көлікке жармасып алған. Көліктің жүргізушісі мен жолаушысы блогерлер екені анықталды.
Көп кешікпей желіде екінші бейнежазба пайда болды. Онда екі блогер жол жүру ережесін бұзғаны үшін кешірім сұрап, полиция көлігінің алдында тұр.
Саябақ маңындағы балалар өздері көлікке жабысты. Келіңдер, машинаға мініңдер деген жоқпыз. Сонша бала мінген соң, тоқтап қалдық. Жай жүрдік. Шетке тоқтап, балаларды түсіреміз дегенше жол полициясы келіп қалды, — деп түсіндірді блогерлердің бірі.
Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол ережесін бұзғандарға әкімшілік хаттама толтырған. Көлікті айып тұрағына алып кеткен.