$ 494.87  520.65  4.91

Токио-2020: Дмитрий Баландин жартылай финалға шықты

Баландин іріктеу сынында 2:08,99 көрсеткішімен 7-інші орынмен жартылай финалға жолдама алды.
Фото: Тұрар Қазанғапов
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық Дмитрий Баландин Олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзу жарысында жартылай финалға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баландин іріктеу сынында 2:08,99 көрсеткішімен 7-інші орынмен жартылай финалға жолдама алды. 

25 жастағы Дмитрий Баландин - Алматы қаласының тумасы. 2016 жылы Рио Олимпиадасының 200 метрге брасс әдісімен жүзу жарысында алтын медаль иеленген. Одан бөлек, 2014 жылы Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанған. 

Айта кетейік, бұған дейін Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде бірінші кезеңнен өте алмаған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары