$ 494.87  520.65  4.91

Жастар саясаты саласында атқарылар іс-шара көп

«Қазақстан – дарынды жастардың елі. Ертең бұл талантты жас жігіттер мен қыздар еліміздің намысын қорғайды. Біз олардың әлеуетін ашып, қабілеттерін іске асыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«Қазақстан – дарынды жастардың елі. Ертең бұл талантты жас жігіттер мен қыздар еліміздің намысын қорғайды. Біз олардың әлеуетін ашып, қабілеттерін іске асыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Биыл, 2021 жылы, мемлекеттік жастар саясатына өзгерістер мен Жастарды қолдаудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленіп, жастардың қазіргі құндылықтары жайлы әлеуметтік зерттеулер дайындалатыны, сондай-ақ, гранттық және әлеуметтік жобалар да қолға алынатыны айтылып келеді. Өйткені жастар мәселесі – мемлекеттік саясаттағы басым бағыттардың бірі. Айта кету керек, 2020 жылы жастар саясаты саласында көптеген жұмыс атқарылды, нақты нәтижелерге қол жеткізілді, деп хабарлады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығында ең алдымен жас ұрпаққа бағытталған іс-шаралар өткізу қажет екенін атап өткен болатын. Ол жастардың жоғары азаматтық белсенділігі мен олардың ынта-жігерін атап өтіп, бұл белсенділікке кедергі болмау керек және оны жаңа мақсаттар мен міндеттерге жұмылдыру керек екенін айтты.

«Жастарға қатысты маңызды мәселе – бұл жұмыспен қамту. Бұл, әсіресе, аймақтарға қатысты. Біз ынталандыру мен нұсқаулық беруіміз керек, жұмыссыз жастарға тұрақты жұмыс табуға көмектесуіміз керек. Қазір жұмыспен қамтудың бірнеше бағдарламасы бар. Бірақ жастардың көпшілігі бұл шаралар туралы білмейді. Олар мемлекеттік қолдаудың әртүрлі түрлерінен хабардар емес. Бұл мәселе тек үгіт-насихат арқылы шешілмейді. Үкімет пен әкімдер жастарды жұмыспен қамтуға баса назар аударуы керек», — деген еді мемлекет басшысы.

Бүгінде жастар саясатына қатысты заңдарға қажетті түзетулер енгізіліп жатыр. Жергілікті мемлекеттік органдарды бағалау көрсеткіштерінің қатарында Жастардың даму индексі болды. 

Еске сала кетейік, жалпы, жастар саясаты саласында 2021-2023 жылдар аралығында келесі жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда:

1. «Түркітілдес елдердің жас көшбасшылары мен белсенділерінің Халықаралық жастар саммитін өткізу» — «Түркістан – Түркі әлемінің бесігі» — (ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдықты атап өту жоспары).

2. «Тәрбие жастарының лагерін ұйымдастыру» «Zeren-2021. Тәуелсіздік ұрпақтары».

3. «Еңбек нарығының қажеттіліктері туралы жастарды ақпараттандыруға, кәсіптік бағдар беруге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру» (Жастарды қолдаудың кешенді жоспары).

4. Жастарға грант бөлуге арналған «Дарынды жастар» пилоттық жобасын іске асыру – (Жастарды қолдаудың кешенді жоспары).

5. Мемлекеттік жастар саясатының шараларын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету – (Жастарды қолдаудың кешенді жоспары).

6. Инклюзивті қоғам құруға және дамытуға бағытталған жастардың бастамаларын қолдау – (Жастарды қолдаудың кешенді жоспары).

7. Жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізу – (Жастарды қолдаудың кешенді жоспары).

8. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша шаралар кешенін өткізу – (Жастарды қолдаудың кешенді жоспары).

9. Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және Қазақстан халқының дәстүрлерін кеңінен насихаттау бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру – (Жастарды қолдаудың кешенді жоспары).

10. Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру – (Жастарды қолдаудың кешенді жоспары).

11. Шетелде тұратын және оқитын қазақ жастарын шоғырландыру бойынша жобаларды жүзеге асыру – (Жастарды қолдаудың кешенді жоспары).

12. Жастардың белсенді азаматтық ұстанымын, сыни ойлау қабілеттерін, басқалардың пікіріне төзімділікті қалыптастыру – (Жастарды қолдаудың кешенді жоспары).

13. Жастардың психикалық денсаулығын нығайтатын жобаларды жүзеге асыру – (Жастарды қолдаудың кешенді жоспары).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары