Қазақстанда коронавирусқа қарсы тағы бір қытайлық вакцина пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазіргә уақытта қытайлық жаңа вакцинаны сатып алу жоспары пысықталып жатыр, сондай-ақ, вакцинаны ДДСҰ аккредиттеуден өткізеді. Сондықтан біз үшін вакцинаны барынша тезірек елге жеткізу маңызды болып отыр. Сондықтан қайта бөлінген кезде нақты келісімшарттар жасалады, оның сомасын жария түрде айтамыз. Қазіргі кезде келісімшартқа қол қою жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Алексей Цой.