Шымкенттегі барлық базар екі аптаға жабылатын болды. Жаңа қаулыға сәйкес, тамыздың 2-16 аралығында қаладағы азық-түлік пен киім-кешек сататын сауда орындары жұмыс істемейді.
Қазір Шымкентте азық-түлік, аралас заттар мен көлікке қажетті сайман сататын бас-аяғы 13 базар бар. Бірақ соның ешқайсысы ашық жобасына тіркелмеген. Енді жаңа қаулы бойынша барлығы жабылуы тиіс. Өйткені тұрғындар короновирус дертін адам аяғы басылмайтын базарларда көп жұқтырады екен.
Ал, бұл өз кезегінде азық-түлік сататын дүкендер мен маркеттердегі тауарлар тапшылғы мен қымбаттауына әкелуі мүмкін. Бірақ санитар дәрігерлер дәл қазір экономикадан гөрі, тұрғындардың денсаулығы маңызды дейді.
Алдарқұл Ахметов, Шымкент қаласы санитария-эпидемиология бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Экономикалық жағдай немесе басқа жағдай, шынын айтқанда, ол екінші жоспарда. Негізгі мақсат – қала тұрғындары арасында эпидахуалды жеңілдету, ауруды тоқтату, азайту.
KTK.KZ