$ 449.3  489.69  4.89

Олимпиада-2020: Әбілхан Аманқұл өзбек боксшысын нокдаунға түсіріп, ширек финалға шықты

Қазір Олимпиаданың жарыс жолында төрт боксшымыз қалды.

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Токио Олимпиадасының алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

75 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Аманқұл 1/8 финалда өзбекстандық Фанат Кахрамоновпен кездесті. Бірінші раундтан кейін өзбек боксшысы алда болған. Бірақ екінші раундта Аманқұл қарсыласын нокдаунға түсіріп, есепті теңестірді. Шешуші үшінші раундта да қазақстандық боксшы белсенді болып, төрешілер шешімімен 5:0 есебімен жеңді. 

Әбілхан Аманқұл Жамбыл облысында туған, бүгін боксшы 24 жасқа толды. 2017 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдегер болған. Сол жылы Азия чемпионатында қола, биылғы құрлықтық жарыста күміс медаль иеленген. 

Айта кетейік, қазір Олимпиаданың жарыс жолында төрт боксшымыз қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары