$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында экс-шенеунік ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді

Ол екі бап бойынша тергеліп жатыр.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Түркістан облысы Спорт және туризм басқармасының бұрынғы басшысы Полат Қырықбаевқа ауыр қылмыс жасады деген айып тағылды. Экс-шенеунік Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеліп жатыр: «Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқару», «Өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену және талан-таражға салу». Мәселе 240 миллион теңгеге байланысты деп жазады BaigeNews.kz.

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот өкілдері хабарлағандай, талан-таражға түскен ірі көлемдегі ақша спортшы балалардың ас-ауқатына деп бөлінген екен. «Бұл қаражат бюджеттен бөлінген, бірақ балаларға оның 5-40 пайызы ғана жетіп отырған. Қалған ақшасын жымқырған», - дейді судья Дәурен Мадалиев.

Жасөспірім бір спортшының бір күндік тамағына деп 1 мыңнан 6 мың теңгеге дейінгі аралықта қаржы бөлінген. Тергеу мәліметтеріне сенсек, күдіктілер осы ақшаның көп бөлігін 2019 жылы қалталарына басқан. Ал, балаларды қалай тамақтандырғаны белгісіз. Қырықбаевпен бірге күдікке оның бұрынғы қызметкерлері де іліккен: бөлім басшысы, бас бухгалтер және бас бапкер.

Күдіктілердің үшеуі қамауға алынған, олардың ішінде Полат Қырықбаев та бар. Оларға тағылған айып дәлелденсе 15 жылдан 25 жыл аралығында бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Полат Қырықбаев Түркістан облысы Спорт және туризм басқармасына 2019 жылдың қаңтарында басшы болып тағайындалған. 2020 жылы ол өз еркімен қызметтен кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары