$ 494.87  520.65  4.91

Меруерт Түсіпбаева: Спорт басшыларын қуу керек, Олимпиадаға тамыр-таныс, «слабактарды» жіберген

Меруерт Түсіпбаева Токио олимпиадасында сайысқа түскен отандық спортшылар мен спорт басқармасындағы басшыларды сынға алды. Әнші спорттың саудаға айналғанын айтып ренішін білдірді.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Меруерт Түсіпбаева Токио олимпиадасында сайысқа түскен отандық спортшылар мен спорт басқармасындағы басшыларды сынға алды. Әнші спорттың саудаға айналғанын айтып ренішін білдірді. 

“Позорымыз патрондай шашылып жатыр, жағдай – Жапония, қысқасы. Мен, спортшылармен, олардың туған-туыстарымен араласып, сөйлесіп жүремін. Еститінім – жемқорлық спортта да бар. Жемқорлықсыз мекеме, жылы орын қалмады-ау?! Токиода Олимпиада өтіп жатқанын білесіздер ғой? Әзірше, қоладан аса алмай жатырмыз. Алтын арман болып қалмаса. Өз басым, талантты спортшы, әсіресе боксшы қалмады дегенге сенбеймін. Бар! Оларда тек, тамыр-таныс жоқ!!! Ал “турист” болып барғандар, Токионы көріп-қызықтап, сіздер мен біздердің ақшаларымызды беймарал шашып, елге қайтып жатыр біртіндеп. Жарықтықтар-ай. Ұят- ай. Спортты басқарып отырғандар, намыс қайда?! Қайда қарап отырсыңдар?! Орындарыңды босатыңдар!”, – деп жазды Түсіпбаева парақшасында. 

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында ауыр атлет Игорь Сон 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды – екі жаттығудың нәтижесі бойынша ол 294 келі салмақты көтерді. Сонның жүлдесі – Қазақстан құрамасының қоржынындағы екінші медаль.

Ауыр атлет Зeлmфия Чиншанло да 55 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанған болатын. Екі сайыстың нәтижесі бойынша Чиншанло 213 килоны көтерді. Жұлқа көтеруде 90, серпе көтеруде 123. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары