30.07.2021, 06:44

30 шілдеде ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжады

Атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

30 шілдеде Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.