30.07.2021, 09:40

Тоқаев Әлібек Дінішевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Фото: ашық дереккөзі
Президенттің қаулысы Ақорданың ресми сайтында жарияланған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық артисі, опера әншісі Әлібек Дінішевті «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Президенттің қаулысы Ақорда сайтында жарияланған. Мәтіні төмендегідей:

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Мұсаұлы Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Әлібек Дінішев 1951 жылы 7 шілдеде Алматыда туған. Ол 1978 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген артисі», 1979 жылы Қазақ КСРнің Халық артисі атағын алған.