Синоптиктер 31 шілде - 2 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтардың айтуынша, тамыздың басынан бастап Иран аудандарынан елдің батыс жартысына жылы және құрғақ ауа массалары келе бастайды. Олар жауын-шашынсыз ауа райын орнатады және ауа температурасының 33-38 градус, кей жерлерде 43 градусқа дейін көтерілуіне себеп болады.
"Алайда республиканың қалған аумағында атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен жаңбыр жауады. 31 шілдеде оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел секундына 15-20 метр, оңтүстік және оңтүстік-шығыста екпіні секундына 25 метр құмды дауыл соғады. Ауа температурасы күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 27-36 градус жылыға дейін көтерілуі мүмкін, оңтүстікте 35-40 градус жылу сақталады", - делінген хабарламада.