$ 498.34  519.72  4.85

Автобус балаларды басып кете жаздады (видео)

Абырой болғанда велосипед жетектеген жеткіншектің бірі дер кезінде тоқтап автобус екеуінің ортасынан өтіп кетеді.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Алматыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып өте жаздады, деп хабарлайды ЭК.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс жағдай Сүйінбай көшесінің бойында болған. Қатты жылдамдықпен жүйткіген автобус жолдан кесіп өтпек болған балаларды қаға жаздайды.

Абырой болғанда велосипед жетектеген жеткіншектің бірі дер кезінде тоқтап автобус екеуінің ортасынан өтіп кетеді.

Бейнежазба көлік жүргізушілерінің бірінің камерасына түсіп қалған.

"Қазір апаттық жағдай туғыза жаздаған 1967 жылы туған О есімді азамат ұсталды. Ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы 600 баптың 1 бөлігі және 595 баптың 1 бөлігімен жауапқа тартылатын болады", — деді ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары